A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының
Даңқ ордендерiнiң толық кавалерi

Александр Федорович Велижанцев - Ұлы Отан соғысының ардагерi, Даңқ орденiнiң толық кавалерi.

Александр Федорович Велижанцев 1921 жылы Қорған облысында дүниеге келген. 1943 жылдың қыркүйегiнде оны әскерге шақырылып, 39 оқулық танк полкiсiне қабылданды, ол жерде техниканы зерделеп, кедергiлердi жеңудi үйрендi. 1944 жылдың ақпанында Александр Федорович майданда болды. Осы уақыттан бастап А. Ф. Велижанцев күн өткен сайын жауынгерлiк ерлiктер жасады, олар КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының ордендерiмен — барлық үш дәрежелi Даңқ ордендерiмен, бiрiншi дәрежелi Отан соғысы орденiмен және көптеген медальдермен марапатталды.

А. Ф. Велижанцев — төртiншi танк армиясының гвардейцi бiрнеше рет өлiм аузында болса да, Берлинге дейiн жеттi. Фашистiк Германияның капитуляциясынан кейiн Даңқ ордендерiнiң толық кавалерiне Кватундық жапон армиясының талқандау- Қиыр Шығыстағы ұрысқа қатысу бұйырды.

1945 жылы Жеңiс шеруiне қатысқан. 1947 жылы ғана А. Ф. Велижанцев запасқа шығарылды.

1960 жылы комсомол жолдамасы бойынша отбасымен бiрге тыңға — Шортанды ауданына келдi. ВНИИЗХ тәжiрибелi шаруашылықта тұрып, жылжымалы механикаландырылған колонна шеберi болып жұмыс iстедi.

2010 жылы Александр Федорович Велижанцев өмiрден өттi.

Ұлы Отан соғысындағы және соғыстан кейiнгi жылдары — өткенге кетедi, бiрақ бiздiң ардагерiмiздiң аудан тарихындағы қалдырған iзi -бiздiң жадымызда.

Жауынгерлiк және еңбек ерлiктерi құрметiне Дамса ауылында тұрған көшесiне А. Ф. Велижанцевтың есiмi берiлген.

Шортанды ауданының мемлекеттiк архивiнде А. Ф. Велижанцевтiң жеке тектiк құжаттары сақталады, 9 бiрлiктен тұрады. Қор құрамына келесi құжаттар енгiзiлген: А. Ф. Велижанцевке жазған хаттар, құрмет грамоталары, құттықтау хаттары, фотопортретi, мақалаларымен газеттердiң үзiндiлерi, "Доблесть солдатская" кiтабы, "Қазақстан" баспасы 1974 жыл, А. Ф. Велижанцевтiң өз қолымен жазылған өмiрбаяны.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.04.2020 18:06
@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»