A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының
Шортанды ауданының мемлекеттік архивінің 2017 жыл бойынша «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп

Бекiтемiн
Шортанды ауданының
мемлекеттiк архив директоры
____________Ж. Қасымова
____ ______________ 2018 жыл

Шортанды ауданының мемлекеттiк архивiнiң
2017 жыл бойынша «Архивтiк анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызметiн көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi
туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет берушi туралы мәлiметтер

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерi және «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi көрсетедi. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру: 1) қызмет берушiнiң кеңсесi; 2) www.e.gov.kz «Электронды үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал); 3) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» департаментi бөлiмшелерi (бұдан әрi — Мемкорпорация) арқылы жүзеге асырылады.

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1)көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi күнтiзбелiк 11 (он бiр) күн iшiнде берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет архивтiк құжаттар негiзiнде әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша көрсетiледi: жұмыс өтiлi, жалақы мөлшерi, жасы, отбасының құрамы, бiлiмi, марапатталғаны, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк төлемдердiң аударылуы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлуi, жазатайым оқиға, емделуде немесе қоныс аударуда болуы, қуғын-сүргiнге ұшырағаны, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлiмдер мен құралымдардағы қызметi, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны, бас бостандығынан айыру жерлерiнде болғаны, азаматтық хал актiлерi, құқық белгiлеушi және сәйкестендiру құжаттары жөнiндегi мәлiметтердi растау.

2) 2017 жылғы «Архивтiк анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша ақпарат

көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны — 640;

соның iшiнде:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны — 262;

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi.

веб-портал арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны — 181;

мемлекеттiк органарқылы (пошта арқылы және қызмет алушының жеке жүгiнуi кезiнде) көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны –197.

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1)Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген қызмет көрсетушiнiң мекен-жайы, 1414 Байланыс-орталығы телефоны немесе Мемкорпорацияның con.gov.kz, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының http://archive.akmo.gov.kz интернет-ресурстарында немесе 8(7162) 31-56-59 телефоны арқылы алуға болады.

2)«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты, қызмет алушының жаднамасы, мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағымдану тәртiбi облыстың архивтер мен құжаттамалар басқармасының, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң www.mks.gov.kz интернет-ресурстарында орналасқан.

3)Сайтқа келушiлермен керi байланыс орнату мақсатымен облыстық мемлекеттiк архивтер мен басқарманың сайттарында «Сұрақ-жауап» және «Виртуалды қабылдау» бөлiмдерiнде «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мәселелерi бойынша кеңес беру жүзеге асырылады, сондай-ақ, «Келушiлер пiкiрлерi» бөлiмiнде мемлекеттiк архивтердiң жұмысы туралы өз пiкiрлерiңiздi қалдыруға болады.

4)Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнiң «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету үдерiсiн айқындықпен қамтамасыз ету бойынша өткiзген iс-шаралары:

№ р/н Іс-шараның атауы Іс-шараның өткізілу уақты
1 «Өрлеу» газетінде «Мемлекеттік қызмет» мақаласын жариялау 2017 жылдың 21 қаңтары
2 Шортанды ауданының ХҚКО бөлімшесінде «Архив кеңес береді» акциясын өткізді 2017 жылдың 07 маусымы
3 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақмола обласы бойынша филиалы ХҚКО департаменінің аудандық бөлім қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет бойынша семинар өткізілді 2017 жылдың 22 қыркүйегі
4 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақмола обласы бойынша филиалы ХҚКО департаменінің аудандық бөлім қызметкерлерімен дөңгелек үстел 2017 жылдың 25 желтоқсаны

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiн жетiлдiру бойынша қызмет

1. Мемлекеттiк қызметтi «Электрондық үкiмет» порталы арқылы орындау бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесi:

2016 жылы — 124

2017 жылы — 181

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2017 жылы мемлекеттiк архивiнiң 2 қызметкерi Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайтадайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiруаймақтық орталығы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнында бiлiктiлiк арттыру курсынан өттi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымдары — жоқ.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.03.2018 17:54
@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»